2040 жылдарға қарай елдегі су тапшылығы 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін

564

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында айтты.

2040 жылдарға қарай елдегі су тапшылығы 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін Фото: inbusiness.kz

Бүгінгі таңда су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі, деп жазады inbusiness.kz.

"Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның трансшекаралық су көздеріне тәуелді ел екенін баса айтты. 

"Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу