2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді арттыру жоспарланып отыр

181

Өткен жылы мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,52 млн тоннаға жетті. 

2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді арттыру жоспарланып отыр Фото: Үкімет

Биыл 14,55 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,52 млн тоннаны құрады, осы жылы 14,55 млн тонна өнім өндіру жоспарланып отыр. 2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді 14,52 млн тоннадан 29,2 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Мұнай өнімдерін өндірудің түпкілікті құны жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының аяқталуы барысындағы ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысқа байланысты болады", – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, 2040 жылға қарай мұнай өнімдерінің сапасын қазіргі экологиялық стандартынан K4-тен K5+ деңгейіне дейін тұрақты түрде жақсарту және сыртқы нарықтарға экспорттау күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу