2040 жылға қарай әлемде электр желілерін ауыстыру немесе кеңейту қажеттілігі шамамен 80 млн шақырымды құрайды.
Мұндай модернизация елдердің климаттық және энергетикалық қауіпсіздік бойынша мақсаттарына қол жеткізуі үшін қажет. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) мәлім етті.
Мұны жаһандық электр желісінің қазіргі көлемімен салыстыруға болады.
Дүниежүзіндегі мұндай ауқымды жұмыстар 2030 жылға қарай 600 млрд доллардан асатын жыл сайынғы желілік инвестицияны қажет етеді, бұл қазіргі деңгейден екі есе артық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу