"2040 жылы жинақтаушы қор зейнетақының негізгі көзіне айналады"

841

Қазір зейнет жасына жеткен азаматтар үшін зейнетақы алудың 3 көзі бар. 

"2040 жылы жинақтаушы қор зейнетақының негізгі көзіне айналады"

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын пайдалануы туралы сөз қозғады.  Әңгіменің әлқиссасын "Қаржының жеткілікті шегі не үшін керек?" деп бастаған министр болашақта зейнетақы Жинақтаушы қордан төленетінін айтады. 

"Бұндай мүмкіндікке еңбекке қабілетті жастағы, яғни зейнет жасына жетпеген, жұмыс істеп жүрген, сол қорда жиналған қаржысы бар азаматтар ие болады. Олар өздерінің жеткілікті шегінен асатын қаражатын үй алу, емделу сынды мақсаттарға пайдаланатын болады. Бұл жерде негізгісі - қаржының жеткілікті шегі не үшін қажет, ол қалай белгіленеді деген маңызды мәселе. Елімізде 1998 жылдан бастап Жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген. Әр жұмыс істеп жүрген азамат жалақысының 10%-ын сол қорға аударады. Сөйтіп, зейнетке жеткен азамат үшін зейнетақыны алудың 3 көзі бар. Олар: мемлекеттік бюджет есебінен жасына келген зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі және Жинақтаушы қордан өзінің жинақтары есебінен берілетін сома. Біздің болжамымызша 2040 жылы жинақтаушы қор зейнетақының негізгі көзіне айналады", – деді министр. 
Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу