2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы 30 мың га "G4 City" АЭА құрылды

496

G4 City-де шамамен 2,2 млн адам тұрады деп болжануда.  

2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы 30 мың га "G4 City" АЭА құрылды Фото: Total.kz

Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы 80 шақырым А3 тас жолының (Алматы – Қонаев) бойында орналасқан. Оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады деп күтіліп отыр. Бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді.

Мәселен, 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде:

  •  шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту;
  •  құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру;
  •  60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

G4 City даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала 4 ауданнан тұрады:

  1. Gate City – іскерлік және қаржылық орталық;
  2. Golden District – білім беру және медициналық хабы;
  3. Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ;
  4. Green District – туристік кластер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу