2050 жылға қарай Әмудария мен Сырдария суы 15%-ға тартылады

771

Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қоғамды Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырды.

2050 жылға қарай Әмудария мен Сырдария суы 15%-ға тартылады Фото: akorda.kz

Елордада "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында" атты Астана халықаралық форумы өтуде, деп жазады inbusiness.kz. 

Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азиядағы су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік пен бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін мәселе.

"Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз", - деді Президент.

Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды. 

"Еліміз "жасыл" экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді. Алайда уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және "жасыл" экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет", - деп түйіндеді мемлекет басшысы. 

Оның сөзін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровта қолдап, Орталық Азия аймағында шешілмеген климаттық мәселелер барын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу