Президент: 2050 жылға қарай көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады

683

Сонымен қатар ол көміртекті бейтараптық доктринасы экономиканың өзекті қажеттіліктерін ескеруі тиіс екенін айтты.  

Президент: 2050 жылға қарай көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2050 жылға қарай көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Бұл мәлімдемені Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы" деп аталатын халықаралық конференциясында жасады.

"Бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасының жобасы ұсынылады. Доктрина экономика мен өнеркәсіптегі төмен көміртекті трансформацияның базалық тәсілдеріне бағытталған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі өз баяндамасында Үкіметтің осыған қатысты ұстанымын егжей-тегжейлі таныстырады. Доктрина түпкі нұсқада прагматикалық, ұтымды болуға және біздің экономикамыздың ерекшелігі мен құрылымын, қажеттіліктерін ескеруі тиіс екенін атап өткім келеді", – деді Президент.

Нұр-Сұлтан қаласында "Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы" халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Бұл шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, сондай-ақ БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, іскер топтар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу