206 мыңға жуық шетелдік көлік қазақстандық есепке қойылды

479

Заңдастырылған көліктердің басым көпшілігі Кеден одағындағы үш елге тиесілі.

206 мыңға жуық шетелдік көлік қазақстандық есепке қойылды Фото: Толқын

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Мемлекет басшысының шетелдік автокөлік құралдарын тіркеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz. 

Өтінімді уақытылы берген, бірақ автокөліктерді заңдастырып үлгермеген азаматтарға белгіленген мерзімнен кейін заңдастыруға мүмкіндік берілді. 

Спикер министрліктің заңдастыру кезінде жолдауда белгіленген талаптарды басшылыққа алғанын атап өтті.

"Заңдастыруға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген, қылмыстық іздеуде болмаған және кедендік тазартудан өткен көліктер жатады. Нәтижесінде 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік қазақстандық есепке қойылды. Заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Кеден одағының құрамындағы үш елге тиесілі. Олар Ресейден 136 мыңнан астам автокөлік, Армениядан – 37 мыңнан астам көлік, Қырғызстаннан – 22 мыңнан астам автокөлік", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Облыстар бойынша автокөліктердің ең көп саны тіркелген: Алматы қаласында – 21 115 бірлік.  Ақтөбе облысында – 20 876 бірлік, Шымкентте – 15 145, БҚО-да – 14 204, Атырауда – 14 197, Қызылорда облысында – 13 695. 

Айта кету керек, Ішкі істер министрлігі 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында елімізге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу