207 отандасымыз Польшадан Қазақстанға жеткізілді

752

Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді.

207 отандасымыз Польшадан Қазақстанға жеткізілді

Польша билігі енгізген режим мен шекарасының жабылуына қарамастан, Варшавадағы ҚР Елшілігінің күшімен қазақстандық жолаушыларды отанымызға қайтару туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Біздің дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер",– деп жазылған СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу