16 наурызда Астанада KazGrain 2018 халықаралық конференциясында Қазақстандық бидай дақылдарын жетекші өндірушілері, сонымен қатар бидай сауда логистикалық компанияларының өкілдері, салалық ассоциациялар мен халықаралық сарапшылар жиналады, деп хабарлайды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰҚ" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Әлемнің 21 елінен келген өкілдер бидай мен ұнның әлемдік және қазақстандық нарықтарының үрдістерін, сонымен қатар Қазақстанның экспорттық нарығы жағдайы мен бидай секторының жаңа бағыттарын дамыту мен сату нарықтарын нығайту сұрақтарын талқыға салады. Сондай-ақ, маңызды сұрақтардың бірі логистика болып табылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу