21 қаңтарда өтетін дөңгелек үстелге 20-дан астам словак компаниялары қатысады

694

Қазақстанда 40-тан астам словак компаниясы жұмыс істеуде. 

21 қаңтарда өтетін дөңгелек үстелге 20-дан астам словак компаниялары қатысады

Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчак Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған Словакиядағы Елшісі Роман Василенконы қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Словакия сыртқы саяси ведомствосының басшысы 2019 жылы Қазақстанның Словакиядағы дербес Елшілігінің ашылғаны мен резиденциясы Братиславада орналасқан Елшінің тағайындалуының зор маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттасушылар Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінің ашылуы саяси диалогтың дамуына септігін тигізіп, сонымен қатар өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюіне жағдай туғызатынына сенім білдірді.

М. Лайчак және Р. Василенко биылғы 21-22 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстандық-словак экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) алдағы 8-отырысының маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында тараптар түрлі саладағы, соның ішінде энергетика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау, білім, ғылым, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы өзара іс-қимылдың ахуалы мен келешегін қарастырмақ.

Сұхбаттасушылар сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту үшін "KAZAKH INVEST" ҰК АҚ мен "SARIO" Словак инвестициялар және сауданы дамыту агенттігінің ҮАК шеңберінде 21 қаңтарда ҚР СІМ ғимаратында 20-дан астам словак компанияларының қатысуымен ұйымдастыратын қазақстандық-словак дөңгелек үстелдің маңызына тоқталды.

Кездесу барысында М. Лайчак Қазақстанның жаңа Елшісінің сенім грамоталары көшірмелерін қабылдап, 2020 жылға арналған екіжақты байланыстар кестесін талқылады.

Сұхбаттасушылар сонымен қатар жуық арада Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің толық күшіне енетінін және өткен жылы ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа Стратегиясының қабылдағанын ескеріп, екі елдің Қазақстан мен Еуропалық Одақ өзара іс-қимылы мәнмәтініндегі қолайлы ынтымақтастығының келешегін атап өтті.

Айта кетсек, Қазақстанда 40-тан астам словак компаниясы жұмыс істеуде. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 61 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Словакия азаматтары үшін визасыз тәртіп орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу