Дүниежүзілік телевидение күні барлық әлемде жыл сайын 21 қарашада атап өтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі кезде ақпараттың жалпы қоғам өміріндегі алатын орны ерекше. Соның ішінде, билік пен қоғам арасындағы бірлікті сақтай отырып, ұлттың рухани жаңғыруына үлес қосатын ірі сала телевизияның ақпарат кеңістігіндегі рөлі орасан зор.
Айта кетейік, 1998 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қарашаны Дүниежүзілік телевидение күні ретінде жариялады. Бұл 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форумы (World Television Forum) аясында жасалған болатын.
Телевизия күні қарсаңында ұйымдастырылған алғашқы мерекелер 1997 жылдың қарашасында өтті. Содан бері мереке жыл сайын әртүрлі елдерде, соның ішінде, Ресейде және бірқатар ТМД елдерінде тойланады.
Сонымен қатар, бұл күні құттықтауларды барлық теледидар және хабар тарату қызметкерлері — тележүргізушілер, операторлар, режиссерлер, редакторлар, тілшілер мен дикторлар қабылдайды.