21 компания БЖЗҚ-ға 40,5 миллиард теңге қарыз

1117

 21 компания БЖЗҚ-ға 40,5 миллиард теңге қарыз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы проблемалы активтер мөлшері 4 есе қысқарды. Бүгінде 21 эмитенттің 40,5 миллиард теңге көлеміндегі қарызы қалған. Бұл туралы бүгін зейнетақы қорының мамандары баспсасөз мәслихатында мәлімдеді.

2013 жылы жеке зейнетақы қорлары бірігіп, бір ұйым ғана болғанда, проблемалы активтер көрсеткіші 161 миллиард теңгені құраған еді. Қорға қыруар қаражат қарыз болғандардың арасында тек отандық компаниялар емес, соонымен қатар шет елдік мекемелер де бар. Көп компаниялар дефолтқа 2006-2010 жылы ұшыраған. Қазір зейнетақы қорының мамандары қалған ақшаны құқық қорғау органдары арқылы қайтаруды қолға алған. 16 эмитетнттің жұмысы жіті тексерілуде. Ал ескертулерді пысқырмаған компания басшыларының аттарына қылмыстық іс қозғалған. Мамандардың мәлметінше, ақшаны өндіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылғанымен, олардың қайта қорға қайтарылуы екіталай.

Мәулен Өтеғұлов, "БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры: "Қазіргі таңда проблемалы эмитенттер саны 13 компания. Оларға "қарызды түгелдей қайтару бойынша" соттың шешімі шығып қойды. Осы компаниялар зейнетақы қорына 8,8 миллиард теңге қарыз. Алайда олардан бар болғаны 123,7 миллион тіңге өндірілген".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу