21 маусымнан бастап елордада тағы бірнеше көше жабылады

273

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

21 маусымнан бастап елордада тағы бірнеше көше жабылады Фото: gov.kz

"Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Е466 көшесінен Е321 көшесіне дейінгі учаскеде Е464 көшесін, сол сияқты Е321 көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде Е466 көшесін салу жобасы шеңберінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Е321 және Е466 көшелерінің қиылысында жол негізін жайластыру жұмысын жүргізу жоспарланып отыр", делінген әкімдік хабарламасында.

Осыған байланысты, 21 маусымнан 22 шілдесіне дейін Е-321 көшесі бойынша Е-466 көшесімен қиылысында қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу