21 миллион тоннадан аса астық бастырылды

838

21 миллион тоннадан аса астық бастырылды

Елімізде биыл 21 млн 740 мың тоннаға жуық астық бастырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратына сәйкес, диқандар 15 миллион 254 мың гектар алқаптың егінін жинаған. Астықтың орташа өнімділігі 14,3 центнерді құрады. Айта кетейік, бұл жалпы көрсеткіштің 99,7 пайызы. Өткен жылмен салыстырғанда нәтиже біршама жоғарылаған. 2016 жылдың осы кезеңінде елімізде 14 млн 106 мың гектар алқаптың егіні жиналып, 21 млн 285 мың тонна астық бастырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу