21 мың қазақстандық қаржы пирамидасы белгілері бар аккаунтардан бас тартты

498

Жыл басынан бері интернет ресурстарын тексеру үшін Telegram-да "Baiqa, piramida!" боты іске қосылды.  

21 мың қазақстандық қаржы пирамидасы белгілері бар аккаунтардан бас тартты Фото: cpamonstro.com

Өткен жылы 6 мыңға жуық сілтеме бұғатталды, деп жазады inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы Telegram бот азаматтарға веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде қаржылық пирамидалардың белгілерін өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ олардың "алаяқтық" схемаларға тартылуының алдын алады.

"Қысқа мерзімде азаматтардан 2,1 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың барлығы дерлік аяқталды. Бұл жұмысты Агенттік "Kompra" компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда, олар жоғарыда аталған қаржы пирамидаларына қарсы күресте бизнестің азаматтық белсенділік ұстанымын танытуда. Қаржы пирамидасы белгілері бар аккаунт жазылушыларын анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе енгізілді. Бұл аудиториямен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 3 ай ішінде 23 мың азаматқа ескерту хабарламасы жіберілді, оның 90 пайызы (21 мың) күдікті аккаунттардан бас тартты", - делінген хабарламада.

Агенттік еліміздің қаржылық қауіпсіздігін қорғау үшін жаңа технологиялар мен әдістерді қолдануды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу