2017 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес тегін кәсіптік және теxникалық білім алатын 21 мың студент үшін республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Парламентте "Баршаға арналған ақысыз теxникалық және кәсіптік оқу, дуальді оқытуды енгізу" атты жиында ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ернат Жүнісов айтты, деп хабарлайдыBaq.kz.
"2017 жылға республикалық бюджеттен 21 мың маманға 5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы олардың тегін білім алуына, тегін тамақпен қамтамасыз етулеріне жұмсалады. Тамақтанатын студенттердің саны - 90 мың. Жалпы қазіргі кезде 97 мың адам жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Жұмысшы мамандықтарын толықтай тегін оқыту 2017 жылдың 1 қыркүйегінен басталады", – дейді Ернат Жүнісов.
Айта кетейік, елімізде 807 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 462-сі мемлекеттік. Оның 20 %-ы ауылдық жерде орналасқан. ТжКБ-да 43 112 инженер-педагог қызметкер жұмыс істейді. Кадрлар даярлау 183 мамандық және 465 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық-инновациялық дамудың басым жобаларын іске асыру үшін 10 базалық колледж айқындалған.