21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні

144

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі құрамы жағынан ең саны көп Құрлық әскерлері 1993 жылғы 21 сәуірде құрылды.  

21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні Фото: gov.kz

Құрлық әскерлерінің бүгінгі әлеуеті еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзетуге, заңсыз қарулы топтармен күресуге, сондай-ақ халықаралық шарттар аясындағы міндеттерді орындауға толық мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Құрлық әскерлерінің бейбіт уақытта атқаратын міндеттерінің де ауқымы кең. Олар жауынгерлік әзірлікті сақтау, оқу-жаттығулар өткізу, жеке құрамды даярлаудан бөлек, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да қатысады.

  • Алматыдағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты офицерлер даярлайды.
  • Астана және Щучинск әскери колледждері құрамалар мен бөлімдерге кәсіпқой сержанттарды дайындайды.

Бүгінгі таңда Құрлық әскерлері Қарулы күштердің әлеуетті, ұтқыр, техникалық тұрғыда жарақталған және жауынгерлік қабілетті әскер түрі болып саналады. Бұл әскерлер қарулы күрестің қазіргі заман талаптарына сай және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу