21 сәуірде телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі

521

Ұлттық хабар тарату операторы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

21 сәуірде телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі Фото: Qazaqstan.tv

Ертең, 21 сәуірде республика бойынша барлық телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазтелерадио" АҚ жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.

"2023 жылғы 21 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды тоқтатумен жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі", делінген хабарламада.

Ұлттық хабар тарату операторы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Тоқсан сайын жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Олар жоғары сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу