21 шілдеде Жетісу облысында жел күшейеді

380

Республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.

21 шілдеде Жетісу облысында жел күшейеді Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Күндіз Ақмола облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп болжанды. Тек батыста және оңтүстік-батыста күн ашық болады", – деп хабарлады синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, Жетісу облысында 30 м/с және одан жоғары жел соғады, түнде және таңертең солтүстікте және батыста тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу