2017 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында ҚР үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.
"Дарын" сыйлығы жастар арасында жемісті ғылыми, шығармашылық сондай-ақ, қоғамдық қызметі үшін жастардың дарынды өкілдеріне беріледі.
Сыйлық 10 номинация бойынша - әдебиет, ғылым, бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрадалық өнер, халық шығармашылығы саласында үздік деп танылған жастарға табысталады.
Комиссия шешімімен сыйлық алу үшін 213 үміткерлердің ішінен 21 үміткер қолдау тапты, оның ішінде 2 адамнан құралған 1 ғылыми топ бар. Өткен жылдармен салыстырғанда сыйлық алуға үміткерлердің саны екі есе артқанын атап өту керек.
Салтанатты рәсім 9 желтоқсанда "Шабыт" қазақ ұлттық өнер университетінде өтеді.