Жаңа нормаларға сәйкес, 21 жасқа толмаған азаматтарға және 55 жастан асқан тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық қарыз тек электрондық үкімет порталы арқылы ресми келісім алған жағдайда ғана беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, алғаш рет несие рәсімдейтін азаматтар банк немесе микроқаржылық ұйым бөлімшесіне келуі тиіс.
Әскери қызмет өткеру уақытында әскери қызметшілерге несиелер мен шағын несиелер алуға тыйым салынады.
Қосымша өзгерістер:
- Микрокредиттер бойынша айыппұл мен өсімпұл өндіріп алуға тыйым салынады.
- Шетелдік банк филиалдарына қойылатын талаптар жеңілдетіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу