Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz cайты.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құмар ойындарға тәуелді азаматтар — энергетикалық сусындар негізгі тұтынушылары.
"Құмар ойындарға тәуелді азаматтар түні бойы ұйықтамай ойнау үшін энергетикалық сусындар тоқтамастан ішеді. Сонымен қатар, ҚМА мәліметтері бойынша, бүгінде 200 мыңнан астам кәмелетке толмағандар үнемі құмар ойындар ойнайтын. Мүмкін, бұл жасөспірімдер энергетиктерден басы айналып ставкалар жасайды. Оған қоса энергетиктер алкогольге қарағанда қауіпті. Қазір тіпті 10 жасар бала да энергия беретін сусынды оңай сатып ала алады", - деді депутат.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды.