21 желтоқсанда еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

384

Сәрсенбі күні көптеген өңірде бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

21 желтоқсанда еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды ​​облысының солтүстік жартысында көктайғақ, баяу бұрқасын болып, жолдарды қар басады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз облыстың солтүстік жартысында  17-22 м/с, кей жерлерде 25 м/с болады. Қарағандыда күндіз боран. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екіпіні таңертең және күндіз 17-22 м/с.

 Ұлытау облысының солтүстік жартысында – көктайғақ, қар жауып, жолдарды қар басады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екіпін таңертең және күндіз облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда күндіз бұрқасын соғып, жолдарда қар үйіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екіпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында – көктайғақ, қарлы боран күтіледі. Солтүстікте, облыс орталығында батыстан соғатын желдің екпіні  15-20 м/с болады. Қызылордада таңертең және күндіз көктайғақ. Таңертең және күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында – көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады, күндіз облыстың шығысында қалың қар жауады. Облыстың шығысында қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде – қарлы боран соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан, оңтүстік бағыттан облыс орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ болады.

Күндіз батыста, Абай ауданының солтүстігінде –  қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде оңтүстік-батысқа ауысады, екіпін 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

Кешке таман Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел, түнде таулы және солтүстік облыстарда солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз таулы аймақтарда екпіні 23-28 м/с жетеді. Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын. Батыстан соғатын жел, таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын. Батыстан соғатын жел, таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде – бұрқасын. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде қарлы боран соғып, облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу