21 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі бойынша алдын ала тыңдау өтеді

724

Сотталушыларды қамауда ұстау 2023 жылдың 15 наурызына дейін ұзартылды.  

21 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі бойынша алдын ала тыңдау өтеді Фото: ult.kz

Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 21 желтоқсанында өтеді. Бұл туралы Inbusiness.kz Алматы қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала тыңдау 2022 жылдың 21 желтоқсаны сағат 15:00-де басталады. Істі Алмалы аудандық сотының судьясы Кәмшат Саурова қарайды.

Соттың ақпаратына сәйкес, іс бойынша 12 сотталушы бар.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары Алмас Құрманғалиевке қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігі 1 және 2 тармағы ("қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") және 262-бабының 1-бөлігінде ("ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") көрсетілген қылмысты жасады деген күдікке ілінгенін анықтады.

Ержан Мансұров, Ерлан Мансұров, Дания Рахимова, Руслан Бұрқанов, Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, Тимур Рүстемов, Нұрлан Сұлтанбаев, Самат Қасенов, Андрей Ча, Біржан Жармұхамед қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігі 1 және 2 тармағында және 262-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

Сотталушыларға қатысты қабылданған бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпанында Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынса, тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу