210 отбасына пәтер кілті табысталды

888

210 отбасына пәтер кілті табысталды

Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі 2 көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа қонысқа көшті. Жалдамалы тұрғын үйдің кілттері көпбалалы отбасылар, мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен және қоныстойымен құттықтады.
Сондай-ақ, жерлестеріне академик Асқар Жұмаділдаев та жылы лебізін жеткізді.
"Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялаған 360 депутатының бірі мен болатынмын. Сол уақытта Қызылордада, осы ауданда тұрдым. Әлі есімде, сол кезде бұдан да суық қыс болды, су, жарық, жылу, жол жоқ. Біз де бүгінгідей елдігімізді, егемендігімізді сақтап қала аламыз ба деген уайым болғанын жасырмаймыз. Ал енді Қызылордамыз қалай көркейіп, керемет үйлер салынып жатқанын көріп, қуанып отырмыз", - деді академик.
Осы жылы қалада 61 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. Срңғы 5 жыл көлемінде аймақта құрылыс көлемі 3,5 есеге өссе, облыс орталығында 8 есеге артып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу