2100 жылға қарай ЕО аумағындағы халық саны 27,3 миллионға қысқарады

596

Еуропалық Одақ демографиялық өзгерістердің алдында тұр, өйткені жаңа болжамдар ғасырдың соңына қарай халықтың айтарлықтай азаятынын көрсетті.  

2100 жылға қарай ЕО аумағындағы халық саны 27,3 миллионға қысқарады Фото: euronews.com

Еуростаттың бағалауы бойынша, 2100 жылға қарай халық саны 6%-ға немесе 27,3 миллион адамға азаюы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

COVID-19 пандемиясынан туындаған екі жылдық құлдыраудан кейін ЕО халқы 2022 жылы қалпына келе бастады және осы жылдың басында 451 миллионға жетті деп есептелді. Алайда бұл туу көрсеткішінің өскенінен емес, соғыстан кейін украин босқындарының жаппай ағынына байланысты.

ЕО статистикасының соңғы есебіне сәйкес, осы аумақтағы халық саны 2026 жылы 453 миллион адамға дейін өсіп, 2100 жылға қарай 420 миллионға дейін азаяды.

Болжам құрлықтағы туу, өлім-жетім мен көші-қон туралы мәліметтер негізінде жасалды.

2100 жылға арналған демографиялық пирамида қоғамның қысқаруы мен қартаюын болжайды. Балалардың, 20 жасқа дейінгі жастардың және еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үлесі төмендейді, ал 65 жастан асқан адамдардың үлесі артады.

2100 жылы 65 жастан асқан адамдар халықтың 32%-ын құрайды, ал 2022 жылы 21%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу