211 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды

1077

Ауруға шалдыққан науқастардың 20,5 пайызы денсаулық сақтау саласының өкілдері. 

211 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды Фото: ТАСС

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлеріне қатысты мәлімдеме жасады. 

"Бүгінге дейін 211 медицина қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Бұл ел бойынша осы ауруға шалдыққан науқастардың 20,5%. Науқастарға қатысты барлық дерек медициналық мекемелерде тіркелді", – деді ол. 

Людмила Бюрабекованың баяндауынша, еліміздің 13 өңірінен медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтырғаны анықталған. Дертке шалдыққандардың денін Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының медицина қызметкерлері құраған. 

"Салалық ұйымдарда жұмыс істейтін 74 қызметкер инфекцияны науқастарға күтім жасау кезінде жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласының карантин 
орталығында - 20, Қарағанды облысының провизорлық стационарында -10, Қарағанды облысында -10, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында - 10, жұқпалы аурулар ауруханаларында - 44, оның ішінде Алматыда  - 28, Нұр-Сұлтанда - 9, Атырауда - 4, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында -1 жағдай тіркелді", – деді комитет төрағасы.

Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласында  COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың арасында науқастарға күтім жасамаған медицина қызметкерлері де болған. 

"Ұлттық ғылыми кардиологи орталығының - 8,онкология және транспланталогия ұлттық ғылыми орталығының - 16 және "Мейрім" медициналық орталығының - 7 қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталды",  – деді Людмила Бюрабекова.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу