212 млн шығын: Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

284

Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түскен.

212 млн шығын: Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Түркиядан Қазақстанға қайтарылды Фото: Polisia.kz

Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі - 212 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу