217 елді мекенді су басуы мүмкін

276

Наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында бір мезгілде қатты жауын-шашын жауып, ауа температурасы көтерілді. 

217 елді мекенді су басуы мүмкін Фото: aikyn.kz

Су басу қаупі бар аймақта тәуекелді бағалау критерийлеріне сәйкес 217 елді мекен орналасқан, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының м.а. Жомарт Асқаровтың айтуынша, жыл басынан бері өзендерде мұз кептелістерінің пайда болуына, топырақ бетінде мұз қабығының болуына, мол жауын-шашынның түсуіне, ауа температурасының күрт көтерілуі аясында қардың қарқынды еруіне байланысты еліміздің 10 өңірінде су басу жағдайы тіркелді.

"Шымкент қаласында 2 тұрғын үйді және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 28 саяжай үйді су басты. Сондай-ақ, Абай, Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарындағы тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басу фактілері тіркелді", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу