2025 жылы 217 мыңға жуық талапкер оқу бітіреді. Оның ішінде 183 мыңы ҰБТ-ға тіркелді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"16 мамырдан бастап 46 өңірлік орталықтарда жоғары оқу орындарына үміткер талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде. ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады. Өңірлік тестілеу орталықтары 46 елді мекенде орналасқан және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Талапкерлерге осы аралықта ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілген", - деді Талғат Ешенқұлов.
Вице-министрдің хабарлауынша, 2025 жылы 217 мыңға жуық талапкер оқу бітіреді. Оның ішінде 183 мыңы ҰБТ-ға тіркелді.
Өткен жылмен салыстырғанда тест тапсыратындардың саны 30 мыңға артқан.
Айта кету керек, осыған дейін 1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өсетінін жазғанбыз.