Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 22-23 наурызда Қазақстанға сапармен келеді, деп мәлім етті еліміздің СІМ Қайрат Әбдірахманов.
"22-23 наурызда Өзбекстан басшысының Астанаға сапары, оның ізін ала орталықазиялық кейбір мемлекеттері басшыларының сапары біз бетпе-бет келіп отырған трансұлттық сипаттағы мәселелерде ауызбіршілігімізді көрсетеді", – деді Қайрат Әбдірахманов дүйсенбіде мәжілісте өткен үкімет сағаты аясында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу