22 ақпандағы митингілерде 53 адам ұсталған

867

10 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

22 ақпандағы митингілерде 53 адам ұсталған

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 22 ақпан күні еліміздің бірнеше қаласында болған митингілер барысында 53 адамның ұсталғанын мәлім етті.

"22 ақпанда Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан кейбір азаматтар кей қалада санкцияланбаған митингілерге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдарының күшімен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу шаралары қабылданды. 53 адам ұсталды. Олардың 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 43 азамат профилатикалық тілдесуден кейін үйіне қайтарылды. Ұсталғандардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан", – деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ерлан Тұрғымбаев. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу