22 ақпандағы саудада доллар тағы арзандады

308

Бүгінгі доллар бағамы - 450,47 теңге.

22 ақпандағы саудада доллар тағы арзандады Фото: freepik

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 450,47 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 ақпандағы ресми бағамы бір долларға 450,80 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,30 теңгені, сатылымы 452,01 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,42 теңгеден сатып алынып, 453,49 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу