22-Азия олимпиадасына Қазақстаннан 8 оқушы қатысады

603

Физика пәнінен 22-Азия олимпиадасында (APhO) 8 қазақстандық оқушы жүлделі орындарға бақ сынап жатыр. Ұлттық құрамада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11-сынып оқушылары бар. Олардың барлығы – физикадан республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, деп хабарлайды inbusiness.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22-Азия олимпиадасына Қазақстаннан 8 оқушы қатысады

Биыл зияткерлік сайыстар 2022 жылғы 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында онлайн форматта өтеді.

Құрлықтық халықаралық олимпиадаға әлемнің 20-дан астам елінің өкілі қатысады. Оның ішінде Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Тайвань, Вьетнам сияқты елдер бар.

Қазақстандық мектеп оқушылары жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Бұл мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік.

Былтыр бұл олимпиада онлайн өтіп, жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. 2021 жылы ұлттық құрама 1 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

 

Физика бойынша Азия олимпиадасындағы жеңіс балаларға ұлттық құрамаға  кіруге және халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) Қазақстан атынан шығуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу