Трамп 22 қаңтарда "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына қол қояды

94

Бұл туралы сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап Bloomberg жазды.  

Трамп 22 қаңтарда "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына қол қояды Фото: www.sb.by

Ақ үй басшысы Дональд Трамп 22 қаңтарда Давоста "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына қол қоймақшы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жарғы жобасына сәйкес, АҚШ Президенті "Бейбітшілік кеңесінің" алғашқы төрағасы болады және жаңа қатысушыларды шақыру туралы жеке өзі шешім қабылдау құқығын сақтап қалады.

Спикердің айтуынша, Газа секторындағы жағдайды реттеу үшін құрылатын ұйымның нақты жарғысы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бекітілуі керек.

Ал Трамп шақырылған елдердің құжатқа сол күні қол қойып, ресми түрде өзгелерді де қатарға қосуға ниеттеніп отырған көрінеді.

Айта кетейік, Ақ үй басшысынан Ақорда да шақырту алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне Трамптың ұсынысымен қатысады. Бұл ақпаратты ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.

Дональд Трамп Газадағы Бейбітшілік кеңесіне тұрақты мүше болғысы келетін елден 1 млрд доллар алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу