22 мың үкіметтік емес ұйымның 5 мыңы ғана белсенді жұмыс істейді

1411

Бұл туралы кеңейтілген алқа отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов айтты. 

22 мың үкіметтік емес ұйымның 5 мыңы ғана белсенді жұмыс істейді

"Қазіргі таңда елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 16 мыңы іс жүзінде еңбек етсе, оның 5 мыңнан астамы белсенді ұйымдар қатарына кіреді. Олардың барлығына да мемлекеттен бөлінетін әлеуметтік тапсырыстар, қаржылай сыйақылар мен гранттар толығымен қолжетімді", – деді спикер. 

Мәселен, былтыр елімізде қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 1250-ден аса әлеуметтік жоба іске асырылып, 38 қоғамдық ұйым мемлекеттен қаржылай сыйақы алған. Бұған қоса былтыр осы бағыттағы маңызды стратегиялық құжат – "2020-2030 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту концепциясы" қабылданды. 

"Сәйкесінше үкімет қаулысымен осы тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар бекітілді. Жоспарға сәйкес бірінші кезеңде 5 бағыт бойынша іске асырылатын 33 шара қамтылды. Дәлірек айтқанда азаматтық қоғамның құқықтық дамуын жетілдіру, азаматтық белсенділікті дамыту және қолдау, сондай-ақ тұрғындарды мемлекеттік басқаруға кеңінен тарту сынды шаралар қарастырылған", – деді вице-министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу