22 наурыз күні ауа райы қандай болады

683

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

22 наурыз күні ауа райы қандай болады Фото: vsegda-pomnim.com

22 наурызда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайдың және қауіпті ауа райы құбылысының болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз ашық болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тек Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу