Астаналықтарға 72 сағат уақыт берілді. Осы аралықта ғана қалаға кіріп-шығуға рұқсат, деп хабарлайды Atameken Business.
Ал 22-ші наурыздан бастап елорда толықтай жабылады. Шаһарға кіреберістегі тас жолдарға кешеден бері блок-бекеттер қойылған. Қала ішінде қоғамдық көлік кешкі 21.00-ге дейін ғана жүреді. Ал авиа және теміржол қатынасы мүлдем тоқтатылады. Мұны қала әкімінің орынбасары хабарлады.
COVID-19 тіркелген Алматы мен Нұр-Сұлтан бүгіннен бастап жабық қалаға айналды. Мемлекеттік комиссияның шешімімен бас қалада – 7, ал оңтүстік шаһарда 27 болг-бекет қойылды. Қазір қалаға кіріп-шығып жатқан көліктер мен адамдар тіркеуге алынуда. Елорда маңындағы бекеттердің жұмысын Мемлекет басшысы да арнайы барып, барлық жағдайға дайын болуымыз керек деді.