22 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарының Нұр-Сұлтанға кіруіне және қаладан шығуына тыйым салынады

1164

Тек транзиттік пойыздарға ғана қалаға кіруге рұқсат беріледі. 

22 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарының Нұр-Сұлтанға кіруіне және қаладан шығуына тыйым салынады

Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 18 наурыздағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына осы жылдың 22 наурызы сағат 00:00-ден бастап қалаға кіруіне тыйым салынады деп хабарлайд елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласына келетін де, қаладан шығатын да пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Тек транзиттік пойыздарға ғана қалаға кіруге рұқсат беріледі. Алайда олар вокзалдарда тоқтай алмайды.

Сонымен қатар "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ карантин кезінде жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне мынадай өзгерістерді енгізді:

1. 44 жұп пойыздың қатынасы тоқтатылады (№1 қосымша)

2. 7 жұп транзиттік пойыздың қатынасы сақталады, бірақ олар Нұр-Сұлтан және Алматы станцияларына тоқтамайды (№2 қосымша)

3. 12 жұп пойыздың, оның ішінде жеке тасымалдаушыларға қарасты бағдарлардың қатынасы қысқартылды (№3 қосымша).

Пойыздардың қозғалыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Компанияның "railways.kz" сайтынан білуге болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне енген осы өзгерістермен халықты барынша хабардар ету және жедел ақпараттандыру үшін мынадай мазмұндағы СМС-хабарламаны тарату қажет: "Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты аталған кезең бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді.

"Карантин кезеңіндегі жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне енгізілген кейбір өзгерістер туралы" толық ақпаратты "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ "railways.kz" сайтынан білуге болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу