22 жастағы қазақстандық Илон Масктың байқауында үздіктер қатарынан табылды

1440

Санжардың командасы энергия үнемдегіш қабілеттілігі және жылдамдығы өте жоғары капсула жасап жатыр.

22 жастағы қазақстандық Илон Масктың байқауында үздіктер қатарынан табылды

Ұлыбританиядағы Уорик университетінің студенті Санжар Тайжан замандастарымен бірге американдық миллиардер Илон Масктың Хайперлуп (Hyperloop) байқауында үздіктердің қатарынан табылды, деп хабарлайды 24.kz.

Әлемнің озық оқу орындарының бірі Уорик университетінде оқитын 22 жастағы қазақстандық келешектің көлігін ойлап табу үшін команда жасақтаған. Серіктестері қатарында болашақ инженер, физик және бизнесмендер бар. Олар Англия, Испания, Индия, Австрия, Оңтүстік Корея және басқа да мемлекеттерден. 

"Санжардың жауапкершілігінің жүгі өте ауыр. Әртүрлі факультеттерде білім алып, оқу кестесі әрқилы болғанына қарамастан өте көп адамның басын қоса білді. Ол сондай-ақ бизнес пен индустрия үшін не керек екендігін жақсы біледі. Ол команда үшін өте көп нәрсе жасады",– дейді Warwick Hyperloop жобасының қатысушысы Хянсок Ли.

Санжардың командасы энергия үнемдегіш қабілеттілігі және жылдамдығы өте жоғары капсула жасап жатыр. Оның көмегімен жолаушылар мен жүктерді дыбыс жылдамдығымен құбыр желісі арқылы тасымалдауға мүмкіндік тумақ. Команда жобалаған капсула магнитті өріске негізделеді. Ол әйгілі Илон Маскке тиесілі аэроғарыштық компанияда сынақтан өтетін болады.

Санжардың жобасы SpaceX Haperloop Pod Competition турниріне жолдама алған 1600 қатысушының арасынан үздік 35 команда қатарынан табылып отыр. 

Өткен жазда Санжар Jaguar Land Rover-де тағылымдамадан өтіп, жұмысқа шақыру алды. Бірақ ол жеке стартап жобасымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ қазақстандық Илон Маск өз болашағын туған жерімен байланыстырады. 

"Ия, Қазақстанмен байланыстырамын. Бірақ алдағы 10 жылда өзімді техникалық тұрғыда шыңдап, жобаларымды дамытқым келеді. Менің болашағым елде екендігіне үмітім зор. Ол жақта отбасыммен тұрғым келеді. Өйткені бойымда қазақтың қаны бар және әлдебір жобаны қолға алған кезімде Қазақстанға пайдам тисе екен деп ойлаймын",– дейді Санжар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу