Ақмолада вейптен 221 млн теңге тапқандардың жолы кесілді

268

Ұйымдастырушы қамауға алынды.

Ақмолада вейптен 221 млн теңге тапқандардың жолы кесілді Фото: freepik

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнімдерді өткізу әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы жүзеге асырылып, жеткізу курьерлік қызметпен ұйымдастырылған.

Қатысушылар заңсыз қызметін жасыру мақсатында конспирация шараларын қолданып, ақша қаражатын қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің қызметін пайдаланған.

Қылмыстық табыс көлемі 221 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді заңсыз өткізу фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Заңсыз айналымнан 717 мың дана өнім тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу