228 млн теңге жымқырған компания директоры сотталды

2811

Ақтауда мемлекет қаржысын жымқырған компания директоры Ю. Коренева соттың үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

228 млн теңге жымқырған компания директоры сотталды

Бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті анықтаған.

2018-2020 жылдары құрылтайшысы 100% Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы болып саналатын "Ақтау тұрғын үй" ЖШС мен "Комфорт Строй Актау" ЖШС арасында күрделі жөндеуден кейін Ақтаудағы 23 тұрғын үйді қабылдау және тұрғын үй-пайдалану қызметі, сондай-ақ тұрғындардан ай сайынғы қайтарымды төлемдер мен тұрғын үй көмегін есепке алуды жүргізуге және қабылдауға шарт жасалған.

"Комфорт Строй Актау" ЖШС директоры Ю. Коренева есеп айырысу шоттарынан ақшаны қолма-қол шешіп алу арқылы 228 млн-нан аса теңгені иемденген. Осылайша ол заңсыз жолмен байымақ болған", – деп жазылған хабарламада.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Ю. Коренева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу