Алдағы үш күнде Қазақстанның батыс бөлігінде аяз, ал елдің қалған бөлігінде — жауын-шашын және көктайғақ күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде республиканың бүкіл батыс бөлігі жауын-шашынсыз аязды ауа-райы күтілетін батыс антициклонының ықпалында болады.
"Елдің басқа аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Олармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ, көктайғақ, тұман және боранмен жел күшейеді деп күтілуде. Ал түнде елдің батысында ауа температурасы -22-30 градус аязға дейін, солтүстік-батыста -20-30 градус аязға дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста -7-18 градус аязға дейін әлсірейді. Сонымен қатар, оңтүстікте — 5 градустық аязға дейін және -5 градус жылу күтілуде, ал оңтүстік-шығыста ауа температурасы — 0-10 градус аязға дейін көтеріледі", — делінген "Қазгидромет" хабарламасында.