Мал бордақылау үшін 23,3 млрд теңге несие берілді

120

Несиелеудің негізгі шарттары: қарыз мерзімі – 12 айға дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.  

Мал бордақылау үшін 23,3 млрд теңге несие берілді Фото: gov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-мен бірлесіп, ҚР Үкіметінің қолдауымен бордақылау алаңдарын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын іске асыруды жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда бағдарлама аясында жалпы сомасы 23,3 млрд теңгеге 45 өтінім қабылданды. Оның ішінде 22,3 млрд теңгені құрайтын 42 өтінім – ірі қара малды бордақылау бағытында, ал 950 млн теңгеге 3 өтінім – ұсақ малды бордақылау бағытында түсті.

Бағдарламаға Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе облыстары белсенділік танытып отыр.

Еске сала кетсек, бағдарлама 2025 жылдың тамыз айының басында басталды. Жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Негізгі мақсат – айналым қаражатын толықтыруға қолжетімді несие беру арқылы ірі қара мен ұсақ малды бордақылаумен айналысатын кәсіпорындарды қолдау.

Қатысудың міндетті шарты – бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу. Өтінім беру немесе кеңес алу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жақын жердегі аймақтық филиалына жүгіну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу