23 елде "омикрон" штамы анықталды

1059

ДДСҰ-ның алдын-ала мәліметі бойынша, штамм басқаларына қарағанда тезірек таралады.

23 елде "омикрон" штамы анықталды

Кем дегенде 23 елде коронавирустың "омикрон" штамы анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан

Гебрейесустың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Осы күнге дейін 23 ел "омикрон" штамының табылғанын жариялады. Олардың саны алдағы уақытта өсетіні анық", – деді ол. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта омикронды зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Гебрейесус Оңтүстік Африка Республикасы мен Ботсванаға омикрон штамын тапқаны үшін, сондай-ақ штамм туралы ақпаратты бергені үшін алғысын білдірді. Ол халықаралық сапарларға толықтай тыйым салу "омикрон" штамының таралуын тежемейді деген пікірде. Осы орайда ұйым басшысы елдерді денсаулық сақтау шараларын оңтайландыруға және вакцинациялауды қамтамасыз етуге үндеді.

26 қарашада ДДСҰ Африканың оңтүстігінде табылған B.1.1.529 штамына "омикрон" деп атады. Ұйымның алдын-ала мәліметі бойынша, штамм басқаларына қарағанда тезірек таралады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: alamy.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу