23 елдімекенге көгілдір отын тартылмақ

971

Алматы облысы тұрғындарының 61%-ы табиғи газбен қамтылады. 

23 елдімекенге көгілдір отын тартылмақ

Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%-ы, яғни 1,2 млн адамның газға қосылу мүмкіндігі туды. Биылғы жылы тағы 23 елдімекенге көгілдір отын тартылып, көрсеткіш 61%-ға жеткізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша әзірге көгілдір отын тартылмаған бес аудан қалды. "Осы аудандарды газдандыру үшін "Талдықорған - Үшарал", "Шелек-Кеген" магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтаймыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылдан басталады", – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңір басшысы есепбінде орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша қазіргі кезде бұл ресурспен Алматы облысының 98,3%-ы немесе 678 елді мекені қамтылған. 

"Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу