Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды 23 қарашада сағат 12:55-те дыбыстық сиреналардың іске қосылуы туралы ескертеді.
"Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін “Баршаның назарына!” белгісі бойынша 2023 жылғы 23 қарашада сағат 12:55-те барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштықты сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", – делінген ТЖ департаментінің хабарламасында.
Сиреналардың іске қосылуы "Қыс-2023" РКШЖ шеңберінде өтуде.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу