23 мамырда ауа райы қандай болады?

194

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

23 мамырда ауа райы қандай болады? Фото: Pixabay.com

Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 23 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу