23 мердігерлік ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды

791

Қаланы абаттандыру ережелеріне сай, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер аумағын тазартуға міндетті.

23 мердігерлік ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өзіне тиесілі аумақты қардан тазартпағаны үшін 23 мердігерлік ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Бүгінгі күндегі жағдай бойынша тәртіп бұзушылар арасында мердігер ұйымдар, дүкендер, кафелер, сауда нүктелері, сондай-ақ басқарушы компаниялар да бар екенін айта кету керек. Ғимараттар мен үй-жайлардың меншік иелері мен жалдаушылары өз және іргелес жатқан аумақтарды қардан, мұздан уақтылы тазартуды ұйымдастырып, қарды қала сыртындағы арнайы полигонға өз бетімен немесе келісілген ұйымдармен шарт бойынша шығаруды қамтамасыз етуі қажет",– делінген хабарламада.

Қар тазарту кезінде алдымен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, аула жолдары, қоқыс контейнерлері мен өрт гидранттары, сонымен қатар газ тарату қондырғылары мен трансформаторлық қосалқы станциялар тазартылады. 

"Аулаға кіру, шығу жолдары, ауданішілік қозғалыс жолдары механикалық тазартудан соң және жүру бөлігінің шетінен қарды сыпырғаннан кейін тазартылады",– делінген әкімдік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу